«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

 aigolek

Тіркелген мекен-жайы

Қобда ауданы,  Бегалы ауылы Абай көшесі №1

Ашылған уақыты

 Мамыр айы 2007 жыл

Бөбекжай меңгерушісі

Утепова Жамал Турешовна

Мектеп ғимаратының аумағы

2017 жылы қаңтар айында  Бегалы негізгі мектебінің 304 ш. м   «Айгөлек» бөбекжайы- бақшасына»    жалға   берілді.

Нысанның қызмет түрі

Мектепке дейінгі  білім беру.

Қолданыстағы инфоқұрылым

Оқу-тәрбие бөлімі типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс жасайды, компьютер, теледидар  сондай-ақ іс-шараларды өткізу үшін проектор мен қамтамасыз етілген. Техникалық базамен жақсы жабдықталған. 
Орталық су жүйесін (водаснабжение) қолданады.  Кәріз жүйесі (канализация) жоқ. Көгілдір отын (газ) жылыту жүйесімен қамтылған.              

 

Бала саны

25

Педагогтар саны

Барлығы -4
Жоғары білімді-2
Арнаулы орта -2
Жоғары санатта-1
Педагог –модератор -1
Педагог – сарапшы -1
Санатсыз-1

 

 

Елбасымыздың балабақша егемен –еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, бүгінгі жас өскіндерді тәрбиелейтін мекеме дей келе әр ауылдық жерлер балабақшамен қамтамасыз етілсін деген (балабақша  ашылсын) тапсырмасына орай, Бегалы ауылында 2007 жылдың шілде айында «Айгөлек» балабақшасы ашылды.  Сол кездегі  Бегалы ауылының совхоз директоры Утарбаев Зағыпар Тажмұқанұлының қолдауымен өз үйін балабақшаға сыйға берген болатын. Сол уақыттан бастап балабақша өз жұмысын атқарып келеді. «Айгөлек» балабақшасы 25 орындық болып ашылды. Балабақша меңгерушісі болып көп жылдар мектепте бастауыш сыныпта ұстаздық қызметін атқарған Ғалымова Санияз Назарқызы тағайындалды. «Айгөлек» балабақшасының ашылу салтанатына сол кездегі  Қобда аудынының әкімі С.К.Ботағарин және «Қобда аудандық білім, дене шынықтыру және спортбөлімі»-нің  басшысы  Р.Қ.Шабарова ашқан болатын. Балабақша өз жұмысын бастаған кезде 15 қызметкер жұмысқа алынған болатын. Балабақша өз ісін білетін білікті мамандармен қамтамасыз етілді.. 2013 жылдың шілде айында балабақша меңгерушісі  Ғалымова Санияз Назарқызы Егіндібұлақ  ауылындағы «Кәусәр» балабақшасына меңгеруші болып жұмысын ауыстырды. С.Н..Ғалымованың орнына осы балабақшада тәрбиеші қызметін атқарған Утепова Жамал Турешовна тағайындалған болатын. 2013 жылдың 1 қарашасында балабақша күзетшісі көп жылдық еңбегінің арқасында А.У.Дұзбанова зейнетке шықты. 

«Қобда аудандық білім бөлімі» 2007 жылғы 12 қаңтарға  №13 бұйрығын негізге ала отырып, 2017 жылдың қаңтар айында бөбекжай Бегалы ауылы, Абай көшесі №1 үйде орналасқан Бегалы негізгі мектебінің ғимаратына көшірілген болатын. 2017 жылдың маусым айында бөбекжайдың ашылғанына 10 жыл толуына байланысты үлкен мерекелік шараға Қобда аудандық білім бөлімінің әдіскерлері: а.У.Айсина, А.С.Кусмагамбетова, аудан балабақшаларының меңгерішілері, И.Құрманов атындағы  ауылдық округінің әкімі Қ.Ж.Амиргалиев қатысты. Бөбекжайдан  зейнетке шыққан А.У.Дұзбанова бөбекжай ашылған кезде еңбек еткен меңгеруші С.Н.Ғалымова шақырылды. 10 жылдық мерей тойға Бегалы мектебінің 1696 жылғы түлектері демеушілік көрсетіп бөбекжайға кілем, ата –аналар балалрға ойыншықтар сыйға тартты. Ауыл кәсіпкерлері Айжарыков С.Қ.  Избасова  Бибігүл Құсайынқызы балаларға ертегі үйшігін сыйға тартып, үнемі қолдау көрсетіп тұрады. «Айгөлек» бөбекжайы жаңа заманға  сай техникалық  базамен жабдықталған. Проектор тақтасымен, теледидар, компьютерлер толық жабдықталған. Әдістемелік кабинеттегі әр тәрбиешіге арналған компьютер, әдістемелік құралдары бар.                           

 


utarbaeva

Бегалы ауылының совхоз директоры Утарбаев Зағыпар Тажмұқанұлының қолдауымен өз үйін балабақшаға сыйға берген болатын.

 

galymova

«Айгөлек»бөбекжай-бақшасының алғашқы меңгерушісі: Ғалымова Санияз Назарқызы

 

duzbanova

 «Айгөлек»бөбекжай-бақшасында көп жылдар бойы  еңбек етіп зейнетке шыққан Дұзбанова Ақтоты Орынбасарқызы

 


 

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының директоры

Утепова Жамал Турешовна

utepova

Білімі: Арнаулы орта.  Ақтөбе педагогикалық училещесі  «Мектепке  дейінгі тәрбие»

Еңбек өтілі:

                     Жалпы еңбек өтілі:  26 ж

                     Педагогикалық  еңбек өтілі: 26 ж

                     Санаты: жоғары

Жұмыс тәжірибесі:

1990-1999  жж   - Балабақша тәрбиешісі;

2005-2007 жж      -Бегалы орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі;

2007-2013жж       - «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі;

2013жылдан бастап осы күнге дейін «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының директоры;

 

 

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Жотаева Назира Тулеубековна

zhotaeva

Білімі: жоғары. БатысҚазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»

Еңбек өтілі:

                     Жалпы еңбек өтілі:  11 ж

                     Педагогикалық  еңбек өтілі: 11 ж

                     Санаты: жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2011 жылдан бастап осы күнге дейін «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

 

 

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Қоспан Шамшырақ Зейнуллақызы

kospan

Білімі: Арнаулы орта.  Көпсалалы «Болашақ» колледжі  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Еңбек өтілі:

                     Жалпы еңбек өтілі:  3 ж

                     Педагогикалық  еңбек өтілі: 3 ж

                     Санаты: Педагог-модератор

Жұмыс тәжірибесі:

2018 -2022 жж  Бегалы негізгі мектебінің мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі;

2022 жылдан бастап осы күнге дейін «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі болып қызмет атқаруда;

 

 

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының психологы

Айжарыкова Клара Урынбасаровна

 aizharykova

Білімі: жоғары. Ақтөбе «Дүние» университеті

Еңбек өтілі:

                     Жалпы еңбек өтілі:  40 ж

                     Педагогикалық  еңбек өтілі: 40 ж

                     Санаты: Педогог-зерттеуші

Жұмыс тәжірибесі:

1985 -2022 жж   Бегалы негізгі мектебінің психологы;

2019 -2022 жж «Айгөлек» бөбекжай – бақшасының психологы.

Өзін-өзі бағалау қорытындысы