Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 № 56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік кағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес:
МКҚК «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы, 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды кабылдайтыны туралы хабарлаймыз!
- Ұсыныстарды қабылдау күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
-жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
-жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
-ата-аналар комитеті ұсынған әрбір топтан, сол мектепке дейінгі ұйымында тәрбиеленушілердің бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
-қайырымдылық жасаушылар (бар болса),
-педагогикалық еңбек ардагерлері,
-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Комиссияға мынандай құжаттарды ұсынады:
-Өтініш,
-үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,
-қазақ және орыс тіліндегі түйіндеме,
-білім туралы құжаттың көшірмесі,
-соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
«МКҚК «Айгөлек» қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткердің ұсыныстарын қабылдау:
- Қобда ауданы, Бегалы ауылы, Абай көшесі, № 1 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Электронды мекен-жайы:aiqolek2023@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 (71341) 74-192
Қосымша сұрақтар бойынша:
87786662273