08.02.2023ж. бөбекжайымызда қалалық "Жетістіктер апталығы" өтті. Апталыққа Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша "Оқу әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі №46 "Балбұлақ" бөбекжайының әдіскері Кобланова Алима Реджеповна және қаламыздың балабақша тәрбиешілері қатысты.

Бөбекжайымыздың №1 "Құлыншақ" кіші тобының тәрбиешісі Есимкулова Д.Ү. мен Дене шынықтыру нұсқаушысы Көптілеуова А.С. "Көңілді аққаламен саяхат", №2 "Ладушки" кіші тобының тәрбиешілері Вовчинская Г.В. мен Махсудова Э.Н. "Веселая прогулка семьи Петушка по двору", №7 "Улыбка" МАД тобының тәрбиешілері Баитова С.К. мен Калимбетова Г.К. "Путешествие по островам Знаний" және бөбекжай логопед педагогы Келдаманова А.Н. "Р дыбысын қою. Сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету" тақырыбында  кешенді іс-әрекеттер  түрінде өтті.

Педагогтер іс-әрекеттерді кешенді ойын түрінде ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және топта жұмыс жасай білу дағдыларын және білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Апталық қортындысында педагогтер өткен іс-әрекеттер бойынша пікір алмасты. Қатысушы педагогтер бөжекжай директоры мен ұжымға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.