Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  №355 бұйрығымен бекітілген  (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023   № 56)  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік кағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес:

МКҚК «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы, 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды кабылдайтыны туралы хабарлаймыз!

  • Ұсыныстарды қабылдау күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

-жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

-жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

-ата-аналар комитеті ұсынған әрбір топтан, сол мектепке дейінгі ұйымында тәрбиеленушілердің бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

-қайырымдылық жасаушылар (бар болса),

-педагогикалық еңбек ардагерлері,

-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

 

Комиссияға  мынандай құжаттарды ұсынады:

-Өтініш,

-үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,

-қазақ және орыс тіліндегі түйіндеме,

-білім туралы құжаттың көшірмесі,

-соттылығы мен  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын  растайтын құжаттар.

«МКҚК «Айгөлек» қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткердің ұсыныстарын  қабылдау:

  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы, Абай көшесі, № 1 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Электронды мекен-жайы:aiqolek2023@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 (71341) 74-192

 

Қосымша сұрақтар бойынша:

87786662273