"Жетістіктер апталығы"
08.02.2023ж. бөбекжайымызда қалалық "Жетістіктер апталығы" өтті. Апталыққа Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша "Оқу әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі №46 "Балбұлақ" бөбекжайының әдіскері Кобланова Алима Реджеповна және қаламыздың балабақша тәрбиешілері қатысты.